Алдағы мерекелік күндерге орай жолаушылардың жоғары сұранысына байланысты қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, қосымша пойыз бен әуе рейстері 13 желтоқсан мен 2025 жылғы 9 қаңтар аралығында жүзеге асырылады.
Теміржол көлігі
Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері халыққа қолайлы жағдай жасау үшін әртүрлі бағыттарда қосымша пойыздар қосады. Бұл 43 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қосымша пойыздар кестесі:
№201/202 «Астана – Алматы»Астанадан: 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан; 1, 4 қаңтар.
Алматыдан: 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан; 2, 5 қаңтар. №203/204 «Астана – Шымкент»
Астанадан...