Қайрат Боранбаевтан қайтқан Phystech II компаниясының топ-менеджерлері ауысты. Бұрынғы басшылардың Боранбаевпен байланысы болған.
Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламаға сәйкес, компания басқарма құрамы толық өзгерді. Директорлар кеңесінен компанияны Боранбаевпен бірге басқарған Асхат Үсеров, директорлар кеңесінің мүшесі Әділ Дәрібаев, тәуелсіз директор Ерболат Тапаев шығарылған. Олардың орнына:
Азамат Наукенов – директорлар кеңесінің төрағасы; Қуəңғали Бекқали – директорлар кеңесінің мүшесі; Самат Аманжолов – тəуелсіз директор болып сайланды.2023 жылдың қазан айына дейін Phystech II «Казтурборемонт» компаниясына иелік еткен. Қаржы есебінде компанияны Қазақстанның тұңғыш президентінің бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевпен байланысы бар екені жазылған. Ал «Казтурборемонт» компаниясының құрылтайшысы Асхат Үсеров болды.
Былтыр мұнай компаниясыны...