Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Ыстанбұлдағы Ататүрік мәдени орталығының сахнасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсы қойылады. Қойылым 15-16 желтоқсан күндері болады.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тарихи қойылымда Ұлы Дала тарихындағы маңызды кезең – Алтын Орданың құрылуы мен оның рухани мұрасы көркем сахна тілімен баяндалады.
Операда 300-ден астам әртіс өнер көрсетеді. Қойылымға театрдың балет бишілері, хоры және симфониялық оркестрі қатысады.
Операның кейіпкерлері мен мазмұны
Операның басты кейіпкері – Хан Сұлтан, Жошы ханның үшінші әйелі және Алтын Орданың билеушісі Берке ханның анасы. Оның ақылдылығы мен...