Қазіргі уақытта тұрғындар қала әкімі лауазымына кандидатурасын ұсынған азаматтарға дауыс беруде. Талғар қаласы бойынша 42 770 сайлаушы тіркелген.
– Қазіргі уақытта қалада 26 сайлау учаскесі бар. Оның төртеуі – жабық учаскелер. Түсіндіре кетейін, ол учаскелер уақытша ұстау абақтысы, орталық аурухана, наркологиялық орталық, туберкулез диспансерінде орналасқан. Сайлау учаскелерінде сайлау комиссиясының 192 мүшесі қызмет атқарады. Оған қоса аумақтық сайлау комиссияның құрамында жеті адам да жұмыс істеп жатыр, – деді Талғар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Батталғазиев.
Түске дейін 3 мыңға жуық адам дауыс берді. Дауыс беру процесі кешкі сағат 20:00-де аяқталады. Комиссия төрағасы санақ қорытындысы әкімдік сайтында жарияланатынын...