«Қазгидромет» алдағы күндері ел аумағында ауа райы тұрақсыз сипат алатынын хабарлады. Бұған белсенді циклондар мен атмосфералық фронттар әсер етпек.
«Алдағы күндері елімізге тағы бір фронттық белсенділік толқыны әсер етіп, жауын-шашын болып, жел екпіні көтеріліп, найзағай ойнайды», – дейді синоптиктер.
Ел аумағының басым бөлігінде нөсер жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, аптап ыстықтың беті қайтады:
Елдің көп бөлігінде +20…+28°C; Солтүстікте +15…+23°C; Оңтүстікте +25…+33°C.Бұған дейін табиғат тосын мінезін танытып, Павлодарда дауыл тұрған. Салдарынан облыста үш қала мен бірқатар ауданда ТЖ жарияланған.