Freedom Bank Тәжікстанда мобайл қосымшасын дамытып, ел азаматтары үшін ыңғайлы сервис ұсынбақшы. Бұл туралы журналистермен кездесуде Freedom Holding Corp иесі Тимур Турлов мәлімдеді.
«Қазақстан Тәжікстан үшін ең ірі сауда серіктесі болатынына сенеміз, екі ел арасындағы жеке тұлғалар үшін төлем ағымы өте үлкен. Осы мақсатта екі ел арасында телефон нөмірі арқылы аударым жасауға болатын ыңғайлы сервис әзірлеп, цифрлық қызметтерді дамытқымыз келеді», – деп атап өтті Турлов.
Бұған дейін 2024 жылы 15 қазанда «Freedom Bank Kazakhstan» АҚ Тәжікстандағы банктік қызметке лицензия алғанын мәлімдеді. Freedom Bank-тің Тәжікстанда еншілес банк ашу туралы жоспары 2024 жылдың қаңтарында хабарланған ед...