Google кванттық есептеулерге арналған жаңа чип ұсынды. Ол коммерциялық кванттық компьютерлерді құруда революция жасау мүмкіндігіне ие. Pimco АҚШ мемлекеттік облигацияларын ұзақ мерзімді сатып алу көлемін қысқарта бастады. Бұл Вашингтонда айтарлықтай «шығын» барын білдіреді. Morgan Stanley долларды ауыстырып, басқа валюталарға назар аударуға кеңес береді. 9 желтоқсанға арналған әлемдік БАҚ шолуына зер салыңыз.
Morgan Stanley: америкалық долларды сататын уақыт келді
Инвесторлардың басым көпшілігі АҚШ долларының болашағына оптимистік көзқараспен қарайды. Алайда Morgan Stanley сарапшысы Дэвид Адамс долларды сататын уақыт жеткенін айтты деп жазды Market Watch.
Инвесторлар қазір АҚШ долларынан гөрі британдық фунт пен аустралиялық долларды сатып ала алады. Бұл валюталар сауда шиеленісіне...