Әлемге әйгілі жапондық автокөлік бренді Toyota Қытайда жеке кәсіпорын салады. Зауытта өзінің премиум сегментіне кіретін Lexus брендінің электромобильдерін шығаратын болады. Бұл туралы Nikkei Asia басылымы хабарлады.
Дереккөз ақпаратына сүйенсек, зауыт Шанхайда орналасады және шамамен 2027 жылы іске қосылады. Осы арқылы Toyota әлемдегі ең ірі автомобиль нарығындағы позициясын нығайтпақ.
Қазіргі уақытта Toyota Қытайда автокөліктерді тек жергілікті өндірушілермен бірлескен кәсіпорындарда шығарады. Мысалы, оның FAW компаниясымен бірлескен кәсіпорны бар. Зауыт жазда Чэндуде жаңа Land Cruiser Prado өндірісін бастады. Toyota-ның қытайлық серіктестеріне GAC және BYD кіреді.
Осылайша, Шанхай зауыты Toyota-ның дербес жұмыс істейтін алғашқы жергілікті зауыты болмақ. Компанияның өзі инсайдерлердің ақпаратын әлі растаған...