Көбі IT-саласында жаратылыстану-математика бағытында оқығандар ғана жүреді деп ойлайды. Негізі мұнда гуманитарийлерге де орын көп. Коды аз не мүлдем коды жоқ IT-мамандықтар болады. Бүгінгі материалымызда соларға шолу жасаймыз.
Жаңалықтар
Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады. Қазақстанның алғашқы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталды. Оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
Тоқаев Назарбаевты құттықтай отырып, Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.
ТоқаевНазарбаевтың деніне саулық тіледі.
Мұның алдында президент Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға жеделхат жолдаған еді.
Қаржаубайдың адвокаты Мейірман Шекеев анасын іздеген Жәнібек Савельевтің ісін алды. Бұл туралы танымал журналист Қымбат Досжан хабарлады.
«Құрметті оқырмандар – Жәнібектің жанашырлары, сіздерге айтарлықтай жаңалығым болмағандықтан, осы күнге дейін ешқандай ақпарат бере алмадым», – деп жазды Қымбат Досжан.
Жәнібектің ісі бойынша қандай қылмыстық іс қозғалды?
2024 жылғы 31 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 3-бөлігі – Кәмелетке толмағандар саудасы, оның ішінде: кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кететін жайт, Жәнібек Савельев 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анасын іздеп Белгиядан келеді.
Ата-анасы ізделіп жатыр?
Ішкі істер министрінің орынбасары
China Eastern Airlines әуекомпаниясы Қазақстан нарығына кірді. Алматы халықаралық әуежайының маршруттық желісі кеңейіп отыр.
2025 жылғы 4 шілдеде China Eastern Airlines әуекомпаниясы Шанхайдан Алматыға алғашқы тікелей рейсін орындаған.
Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайы хабарлады.
Бұл – China Eastern Airlines компаниясының Қазақстанға және Орталық Азияға жасаған алғашқы рейсі. Шанхай – Алматы – Шанхай бағыты бойынша рейстер аптасына үш рет ұшады. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері. Шанхайға Airbus A321Neo ұшағы қатынайды.
Айта кететін жайт, бүгінде Алматы қаласының Пекин, Гуанчжоу, Сиань, Үрімші, Құлжа, Ханчжоу және Санья сияқты Қытай қалаларымен әуе қатынасы бар. Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы байланысты нығайтып...
Бұрын жүрілген көлікті сатып алу – маңызды әрі жауапты қадам. Әсіресе, бұл сіздің алғашқы көлігіңіз болса, эмоцияға берілмей, байыппен әрекет ету қажет. Қиындығы көп көлікке тап болмас үшін барлық құжат пен техникалық жағдайын мұқият тексеріңіз. Kursiv.media тілшісі егжей-тегжейлі нұсқаулық пен пайдалы ресурстар тізімін шолып шықты.
Құжаттарды тексеріңіз
Алдымен сатушыдан көліктің техникалық паспорты бар-жоғын сұраңыз. Егер көлік Ресейден жеткізілген болса, көлік құралының паспортын сұраңыз. Сатушы алғашқы иесі болмаса, алдыңғы меншік иесімен жасалған сатып алу-сату шартын көрсетуін өтініңіз. Сонымен қатар міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисін де қарап шығыңыз. Сол арқылы көлік иесінің аты-жөнін және тіркеу күнін тексеруге болады. Егер техникалы...
Техастағы жойқын су тасқынынан 24 адам қаза тауып, 500-ден астам адам із-түзсіз жоғалған. Олардың ішінде жазғы лагерьден 23 бала бар.
Құтқарушылар 237 адамды эвакуациялады. Табиғи апат инфрақұрылымға айтарлықтай залал келтіріп, құтқару жұмыстарын қиындатты.
Техас губернаторы Грег Эбботт бұл жағдайды апат деп атап, төтенше жағдай туралы құжатқа қол қойды. Бұл құтқарушыларға қажетті барлық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік берді. Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
The Washington Post басылымының мәліметінше, 70-тен астам суға кетіп, оларды құтқарылған. Кейбір зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Ең күрделі жағдай Керр округінде болып отыр. Бұл жерде Гваделупа өзенінің деңгейі 45 минут ішінде 7,92 метрге көтерілді.
Жаңбыр...
Қазақстанда жаңа салынып жатқан тұрғын үйлерді қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынады. Қазақстан Ұлттық Банкі үлестік қатысу шарттары бойынша барлық төлемді тек банктер арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізілуін талап ететін заңнамалық өзгерістерге бастамашы болды. Жылжымайтын мүлік саласы бойынша сарапшы Мәдина Болатханқызы бұл өзгерісті дер кезінде қабылданған, нарықтың ашықтығы мен сатып алушының қауіпсіздігіне бағытталған қадам деп бағалайды.
Сарапшының айтуынша, бұрын бастапқы нарықта жиі кездесетін жағдай. Яғни келісімшартта бір сома көрсетіліп, ал нақты төлемнің едәуір бөлігі құрылыс компаниясына қолма-қол берілетін. Бұл тәуекелдерге және сатып алушылардың алданып қалу қаупіне алып келетін. Сонымен қатар, мұндай мәмілелер салық төлеуден жалтаруға және көлеңкелі айналымға жағдай жасайтын.
Профессор Кәкен Қамзин қартайған шағында жалғыз үйінен айырылмақ. Бұл туралы журналист Айбар Олжай әлеуметтік желіде хабарлады.
Айбар Олжайдың хабарлауынша, алаяқтар ардагер журналист, профессордың сенгіштігін пайдаланған.
«Кинодағыдай әрекет еткен. Алдымен Энергосбыт адамдары ретінде хабарласып, мекен-жайы, ЖСН, пәтері туралы ақпаратты біліп алған. Артынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атын жамылып хабарласып, біреулердің үйін тартып алайын деп тұрғанын айтып, тез үйін сатуға көндірген», – дейді журналист.
Профессор алданғанын кеш білген. Алаяқтар сатқан үйінің ақшасын «Ұлттық банктің арнайы шотында» сақтауды ұсынған. Профессор нотариус арқылы үйін сатып, ақшаны алаяқтар жіберген курьерге бере салыпты.
Қазіргі кезде Алматы қаласы Әуезов ауданды...
Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас әлемдік бокстағы ең ықпалды адамдарға шағым жасады. Ол Карлос Адамес үстінен арызданған.
Ол қарсыластарының Жәнібектен қорқып, жұдырықтасудан бас тартатын айтты. WBC чемпионы Карлос Адамес WBO және IBF титулдарын біріктіргісі келмейтінін түсінбей отыр.
Эгис Сауд Арабиясының бокс пен басқа да ойын-сауықтарға қаржы бөлетін қазынашысы Турки әл-Аш-Шейхті, Top Rank промоутерлік компаниясын және «бокстың қалған әлемін» белгілеп өтті.
«Жәнібектен көп боксшы қолғап түйістіруден бас тартады. Мен бұл спортта неге қорқақтар көп екенін түсінбеймін… Неге бокста жекпе-жектен қорқады? Карлос, бауырым, жүр, бәрі көргісі келетін біріктіруші жекпе-жекке келіс! Немесе қорқатыныңды мойында!» – деп жазба
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 417 573 адам ішкі көші-қонға қатысқан. Бұл көрсеткіш елімізде халықтың аумақтық қозғалысы әлі де белсенді екенін аңғартады. Көші-қон – бұл қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің айнасы. Адамдардың бір өңірден екінші өңірге қоныс аударуы – жұмыс, білім, өмір сүру сапасы, инфрақұрылым және қауіпсіздік сияқты көптеген факторлармен тығыз байланысты.
Көші-қон бағыттары және негізгі тенденциялар
Ішкі көші-қонның басым бөлігі ірі қалалар мен экономикалық әлеуеті жоғары өңірлерге бағытталған. Атап айтқанда:
Астана қаласына – 71 215 адам қоныс аударған; Алматы қаласына – 66 277 адам; Шымкент қаласына – 37 977 адам көшіп келген.Аталған қалаларда халық санының артуы...
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі елшіліктерінде ауыс-түйіс болып жатыр. Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларды ауыстырды.
Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды. Бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Оның орнында бұрын Марғұлан Бақытұлы Баймұхан қызмет атқарған. Оның бұл лауазымдардан босату туралы жарлық шықты. Алайда, ол Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан да босатылғаны көрсетілген.
Ержан Иракұлы Елекеев Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар, Тоқаевтың өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға жедел хат жолдап, оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Бүгін – Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы.
Президент Алжир мемлекетінің гүлдене беруіне, өсіп-өркендеуіне тілектес екенін жеткізген.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Алжир арасындағы серіктестік достық пен өзара түсіністікке негізделген. Екі ел арасындағы ынтымақтастық халықтардың игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірілді.
Мұның алдында Тоқаев АҚШ-тың тәуелсіздік күнімен құттықтап, Трампқа жеделхат жіберген еді.
Ұлттық тестілеу орталығы 4-6 шілде аралығында ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдаудың басталғанын хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, 10–25 сәуір аралығында төмендегі белгілі себептермен өтініш бере алмаған талапкерлер ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш тастай алады:
денсаулық жағдайына байланысты емдеуде немесе карантинде болу;жақын туысының қайтыс болуы (растайтын құжаттар болған жағдайда);
республикалық және халықаралық олимпиадаларға, байқауларға және спорттық жарыстарға қатысу;
төтенше жағдайлар туындаған кезде.
Аталған себептер бойынша емделу жағдайында – 026/у үлгісіндегі медициналық анықтама, ал туысының қайтыс болуы кезінде – тиісті растайтын құжаттар ұсынылуы қажет.
ҰБТ-ға қатысу үшін өтінішті электронды түрде uto@testcenter.kz электрондық поштасына жолдау қажет. Өтінішпен бірге растайтын құжаттар қоса тіркелуге тиіс.
Тестілеудің өз...
Бүгін, 4 шілде күні, сағат 23:30-да SCAT әуе компаниясының Шымкент – Үрімші бағытындағы алғашқы тікелей рейсі ұшады. Бастапқыда бұл бағыттағы рейстерді 30 мамырдан бастау жоспарланған болатын.
Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ал Үрімші қаласынан Шымкентке рейстер сәрсенбі мен сенбі күндері жүзеге асырылады.
Ұшу уақыты – 2 сағат 20 минут. Билеттердің бағасы стандартты тариф бойынша 55,4 мың теңгеден басталады. Бұл тарифпен жолаушы 5 келіге дейінгі қол жүгін және 23 келіге дейінгі негізгі багажды ала алады.
Айта кетейік, Үрімші – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы.
Сондай-ақ, бүгін, 4 шілдеде, China Eastern Airlines әуе компаниясы Алматы...
Қазақстандағы Bereke Bank-ті 65 млрд теңгеге сатып алған Катардың Lesha Bank қаржы ұйымы Airbus A320neo ұшағын иеленгенін хабарлады. Ұшақтың құны – 150 млн катар риалы, бұл шамамен 21,3 млрд теңге.
Lesha Bank ұшақты Германиядағы EMP Aviation Trading GmbH компаниясынан сатып алған. Аталған компания ұшақтар мен авиация саласына арналған қосалқы бөлшектерге инвестиция салып, оларды басқарумен айналысады.
Lesha Bank бұл келісімді «банк авиация саласында әртараптандырылған платформа құруға ұмтылатын стратегияның бір бөлігі» ретінде сипаттады.
Бұған дейін Lesha Bank бас директоры Мохаммед Исмаил Әл-Эмади банк сайтына берген сұхбатында 2024 жылы бес Boeing 777-300ER ұшағын сатып алып, кейін оларды жалға бергенін айтқан еді.
Сол...
Қазақстанда «7-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы жұмысын жалғастырып жатыр, алайда несие алудың қолжетімділігі төмендеген. Кейбір өңірлерге әлі күнге дейін несие берілмей отыр.
Өтінімдер аз, берілген сома артық
Krisha.kz порталының хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасы аясында 2882 ипотекалық несие рәсімдеген. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сәл төмен (2955).
Алайда несие сомасы өзгеріссіз қалды — 50,5 млрд теңге, былтырғы 50,2 млрд теңгемен шамалас. Бұл қазақстандықтардың орта есеппен қымбатырақ пәтер алып жатқанын көрсетеді.
Бағдарлама операторы Қазақстан тұрақтылық қорының мәліметінше, бұл көрсеткіштер белгіленген лимит шегінде қалып отыр.
1 шілдеден бастап банктер үшінші тоқсанның лимитін игере бастады, соған байланысты...
Астанада шегіртке тарағаны туралы жазған қоғам белсендісіне қатысты іс апелляциялық сатыда қаралды.
Айта кетейік, Кирилл Павлов Жамбыл облысында шегіртке тарағаны туралы жазғаны үшін 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған. Апелляциялық шағымда Павловтың өкілі сот қаулысын жойып, жаңа шешім шығаруды сұрады.
«Істі қарау барысында сот Павловтың Telegram-арнасында жариялаған шегіртке зиянкестері таралуының ауқымы туралы ақпаратты, сондай-ақ уәкілетті органдардың ресми деректерін анықтады. Сот бұл деректер арасында елеулі алшақтықтардың бар екенін анықтап, Павловтың тарапынан жалған ақпарат таратылғанын растады», – делінген ақпаратта.
Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы...
Қытай Халық Республикасының (ҚХР) билігі жүрілген көліктердің экспортын қатаң бақылауға алу ережелерін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы CarNewsChina басылымы хабарлады. Басты себеп — шетелге көлік жөнелту көлемінің артуы және жаңа автокөліктердің формалды түрде «қолданылған» деп көрсетілу жағдайларының жиілеуі. Бұл өзгерістердің ықпалы Қазақстанға да әсер етуі мүмкін.
Қытайдың Сауда министрлігі қолданыстағы көліктер экспортына бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді. Жаңа шаралар мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, екінші нарыққа деген сенімді арттыруды көздейді. Сарапшылардың айтуынша, аз ғана жүрген немесе мүлде пайдаланылмаған жаңа көліктер «қолданыста болған» деп тіркеліп, жеңілдетілген жолмен экспортталып жатыр. Осылайша көбі салық пен кедендік төлемдерді айналып өтуде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қытайдан...
Ұлытау өңірінде респиратор шығаратын зауыт ашылды. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жоба құны – 800 миллион теңге. Кәсіпорында жылына 5 миллион жеке қорғаныс құралы шығарылады, сондай-ақ 40-қа жуық азамат жұмыспен қамтылмақ. Жобаны жүзеге асырушы – «Ulytau Industrial Company» ЖШС.
Жалпы 2025 жылы өңірде жалпы құны 138 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
«Қазір Ұлытау облысының өндіріс, кәсіпорындарын қамтамасыз етеміз. Күзге қарай қуаттылығымызды арттырып, Қазақстан нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Ол уақытта өнімдеріміздің саны артып, қызметкерлер саны да көбеймек»-дейді инвестор Қалмұрат Мәдишев.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 2024 жылы Ұлытау облысында жалпы сомасы...
Кассациялық сот төрағалары тағайындалды/фото: Жоғарғы сот
Астанада қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастады. Тоқаев сот төрағаларын тағайындады.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Асқар Смайылов. Одан бөлек 37 судья жұмыс істейді.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы – Ақан Жұмағұлов және 20 судья бар.
Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот төрағасы Берік Нәжімиденов және 18 судья жұмыс істейді.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап қылмыстық және азаматтық істерді алдын ала қарау жойылды.
Кассациялық соттар «жаппай кассация» принципі бойынша жұмыс істей бастады. «Жаппай» кассация, ең алдымен, істі іс жүргізуге қабылдау сатысымен ерекшеленеді.
Енді барлық келіп түскен шағым...
Қазақстан бүгінде 80-нен астам елге ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауда. Мәселен, тек 2024 жылы Қатарға 750 мың доллардан аса сомаға қой мен ешкі етін жөнелткен.
Астанада Қазақстан мен Қатар арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комитеттің жетінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов пен Катардың халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Ахмед бин Мұхаммед әл Сайед төрағалық етті.
Кездесуде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ет экспортының әлеуеті негізгі тақырыптардың бірі болды. Қазақстан бүгінде 80-нен астам елге ауыл шаруашылығы өнімін экспорттап отыр. Соның ішінде 2024 жылы Қатарға 750 мың доллардан астам сомаға қой мен ешкі еті жеткізілгені атап өтілді.
Тараптар...
Ресейдің Санкт- Петербор қаласында 23 жастағы жігіт Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған баннерге «Сені сүйемін» деп жазған.
Rbc ақпаратына қарағанда, сол ісі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Полицейлер сол жазба арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ізін суытпай ұстады. Жігіт Волгоград облысынан келіпті. Оқиға кезінде ол аздап мас болғаны анықталды. Баннердегі «сүйемін» деген жазуды ол 21 жастағы сүйіктісіне арнапты.
Жас жігітпен бірге қыз да полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны нақты көрсетілмеген.
Қазір Петербордағы оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Мұның алдында Ресейде Украина үшін...
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
«2025 жылдың 3 шілдесіде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген қылмысты (азаптау) жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талға Татубаев ұсталды», – делінген ақпаратта.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Айта кетейік, 2015 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы құрылды. 2019 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атауын алды 2025 жылдың 30 маусымында...
Оңтүстік Кореяның билік органдары Temu және AliExpress онлайн платформаларында сатылып жатқан бірқатар балалар тауарларын қауіпсіздік талаптарына сай келмегені үшін сатылымнан алып тастауды талап етті. Тексеру нәтижесінде ойыншықтар, киім және аяқ киім сияқты өнімдердің құрамында адам денсаулығына аса қауіпті улы химикаттардың мөлшері бірнеше есе асып кеткені анықталды.
Сеул билігі осы платформалардан сатып алынған 35 түрлі балалар тауарына сараптама жүргізіп, олардың 11-і қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін анықтады. Атап айтқанда, 6 түрлі балалар қолшатырынан фталат негізіндегі пластификаторлар табылған. Бұл заттардың концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден 400 еседен астам жоғары болған.
Улы ойыншықтар тудыратын аурулар…
Фталаттар әдетте пластикті иілгіш ету үшін қолданылады, біра...