Синдикатталған несиелеу – банктердің бір жобаны қаржыландыру үшін бірігуі. Сондай-ақ бұл – жобаны жеке-жеке қаржыландыру қолдан келмеген жағдайда ұзақ мерзімді ірі жобаларды қаржыландыру үшін қолданылатын құрал. Заңнаманың өзгеруінен кейін аталған құрал кеңінен қолданыла бастады. «Курсив» Қазақстан Республикасындағы синдикатталған қаржыландыру туралы соңғы мәліметтерді жинақтап көрді.
Бір жобаны бірнеше банк бірігіп қаржыландырады
Синдикатталған қарыз – бірнеше кредитордың (синдикат) қатысуымен берілетін қарыз. Бір қарыз алушыға қаражат ұсынылады. Сол уақытта қарыздың мерзімі, қайтару шарттары, төлемдердің жиілігі мен олардың аударылу шарттары бойынша келісімге келеді. Синдикаттауға қажеттілік қарыз алушының жоғары деңгейдегі тәуекелі мен ірі жобаны жүзеге асыру ниеті туындаған кезде пайда болады. Синдикат жағдайында кредиттеу...