Украинадағы қақтығыстың күшеюі аясында Қазақстанға тікелей қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен Ресеймен көршілес отырғандықтан, қауіпсіздік шараларын күшейту қажет. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің KursivMedia сауалына ресми жауабында жазылған.
22 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, Президент әкімшілігіне, барлық күштік құрылымдар мен әкімдіктерге әскери және азаматтық объектілердегі қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Бұл Украинаның төңірегінде жағдайдың шиеленісуіне байланысты деп түсіндірілген.
Қорғаныс министрлігі президенттің тапсырмасын қалай орындайтынын түсіндірді. Ведомство заңнамаға сәйкес әскери объектілердегі қауіпсіздік шарасын қолданады. Азаматтық нысандардың жұмысына араласа алмайды, бірақ қажет болған жағдайда қарулы күштер оларды күзете бастайды.
«Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери объектілерде қауіпсіздікті сақтауы ұлттық заңнама нормаларына...