28 қарашадан бастап Алматыда «Экологиядағы инклюзия – жаңажылдық ғажайып» жобасы басталды деп хабарлайды қала әкімдігі. Акция аясында кез келген тұрғын ерекше қажеттіліктері бар балалар жасаған шырша ойыншықтары мен кеңселер мен басқа да мекемелерге арналған әшекейлерді сатып ала алады. Әшекейлер қайта өңделген пластиктен жасалып, эко шеберлермен өткізілген шығармашылық шеберлік сабақтарында балалардың қолымен жасалынады.
Жобаға жеке тұлғалармен қатар, қала ұйымдары да қатыса алады. Компаниялар өз қызметкерлеріне челлендж ұйымдастырып, әрқайсысы бір немесе бірнеше шырша ойыншықтарын сатып алуды ұсына алады. Эко-хаб қажетті материалдарды дайындап, серіктес реабилитациялық орталықтарға жібереді немесе балаларға тікелей өзі жеткізеді. Балалар эко шеберлердің көмегімен шырша әшекейлерін жасап, оларды кейін компаниялар...