Қазір YouTube-та әзіл мен ойды қосарласа қамтитын қазақша жобалар көбейіп жатыр. Көбісі қоғамдағы маңызды мәселелерді әзілмен жеткізіп, күнделікті күйбең тіршілікке жеңіл көзқарас ұсынады. Назарларыңызға сондай 5 жобаны ұсынамыз:
1. Арзан психологтар. Руслан және Тілеген атты «кәсіби» емес, «арзан» психолог-комиктер көрермендердің жеке мәселелерін тыңдап, оларға әзілмен жауап береді. Көрермендердің көпке айта бермейтін мәселелерді «ақтаруы» жобаны басқаларынан ерекше етеді.
2. Сыр жобасы. Жансая, Дидар, Ғалымжан атты комиктер қонақтармен бірге ер мен әйел арасында қарым-қатынас тақырыбын қызық форматта талқылайды. Бұл жерде өзекті мәселелер талқыланып, әркім өзінің көзқарасын білдіреді. Жоба қиын тақырыптарды жеңіл талқылауымен қызық. Жоба әлі үйленбеген және отбасы құрған адамдарды...