Үндістанның авиациялық реттеушісі Boeing 787 ұшақтарының техникалық жағдайын жедел тексеру туралы шешім шығарды. Реттеушінің бұл шешіміне осы аптада болған әуе апаты себеп болған.
Тексеріс
Жұма күні реттеуші Air India авиакомпаниясына Boeing 787-8/9 ұшақтарының GEnx қозғалтқыштарының жұмысын егжей-тегжейлі тексеруді міндеттеген. Тексеріс барысында:
Ұшу параметрлерінің бағаланады; Қозғалтқыштың электронды басқару жүйесі сынақтан өтеді; Отынмен байланысты жүйелері егжей-тегжейлі тексеріледі.Министр мәлімдемесі
Үндістанның авиация министрі Рам Мохан Наиду Нью-Делиде өткен баспасөз мәслихатында аталмыш ұшақтарға кеңейтілген тексеріс жүргізілетінін мәлімдеген.
«Біз Boeing 787 ұшақтарына кеңейтілген бақылау жүргізу туралы бұйрық бердік. Үндістанда мұндай 34 ұшақ бар...