Қазір адамның жай-күйі мен денсаулығын бақылап, ақпарат беретін технологиялар қатары көбейіп келеді. Алғашында смарт-сағаттан басталған тенденция миллиардтаған қаржы айналатын жеке дара индустрияға айналды.
Біз білетін смарт-сағат жүрек соғысы, жаттығу жасағандағы динамика, дене температурасы, ұйқы режімі мен неше қадам жүргені сияқты ақпарат ұсынады. Одан бөлек ағзадағы қант деңгейін анықтайтын датчиктер, ұйқы режимі туралы егжей-тегжей ақпарат беретін сақиналар сияқты басқа да түрлі құрал бар. Бұл құрылғылардың денсаулықты қадағалауға, аурудың алдын алуға пайдалы болғаны сонша Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Уэс Стритиң Ұлттық денсаулық сақтау қызметінде тіркелген миллиондаған науқасқа смарт құрылғылар таратып беру туралы ұсыныс білдірді. Оның айтуынша, құрылғылар ауырсыну белгілерін, обырды емдеу...