Ақтаулық «Каспий» футбол клубы басшылығы оқу-жаттығуға бөлінген 27 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды.
Сонымен қатар 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген. Футбол клубының экс-басшысы және екі сыбайласы қамауға алынды.
Еске сала кетейік, Қазақстан футбол клубтарында жымқыру фактілері бірінші рет болып жатқан жоқ. Петропавлдағы «Қызыл-Жар СК» футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатқаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ оралдық «Ақжайық» футбол клубының экс-директоры қамауға алынған еді. Талдықорғанда...