Қазақстандағы банктер қайталама нарықтағы пәтерлер үшін ипотека шартын өзгертіп жатыр, ал кейбірі уақытша тоқтатты. Kursiv нарықта ипотека беретін ойыншылармен байланысып көрді.
Ипотека беруді уақытша тоқтатты
Ипотекасын уақытша тоқтатқан банктің бірі – NurBank.
«Ипотека өнімі бойынша қаржыландыруды уақытша тоқтаттық. Бұл тек уақытша, өнім қайтадан қолжетімді болғанда сіздерге хабар береміз», – деп жазылған банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дәл осылай «ЦентрКредитБанкі» де қайталама нарық үшін ипотека беруді үзіліске қойған.
«Заңнамадағы өзгерістерге, атап айтқанда, ең жоғары ЖТСМ мөлшерлемесінің шекті деңгейіне байланысты банк ипотекалық бағдарламалар шарттарын қайта қарауда. Өтінімдерді қабылдау...