Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Испания Суперкубогының финалында футбол әлеміндегі басты қарсыластардың бірі «Барселона» мен «Реал Мадрид» кездеседі. Каталониялық клуб жартылай финалда «Атлетик Бильбао» командасын ірі есеппен жеңсе, мадридтік ұжым қалааралық дербиде «Атлетико» клубынан басым түсті. Биылғы маусымда қос команда Испания чемпионаты аясында бір рет жолығып, сол кездесуде «Реал Мадрид» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді «Барселонаның» сол…