Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Самат Смақов «Атырау» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Атыраулық команда осы жаңалықты Instagram-дағы парағына жариялады. «Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, толағай табыс және «Атыраумен» жарқын жеңістер тілейміз», – деп жазды клуб ұжымы. Смақов бұған дейін «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, «Елімай» командасын басқарды. Семейлік клуб соның…