ҚР Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласында Қазақстанның құрметті консулы Рао Халид Махмуд бастаған пәкістандық бизнес-делегациямен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ бірлескен перспективалық жобаларды іске асыруды талқылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Арман Шаққалиев атап өткендей, Пәкістан Қазақстанның маңызды сауда серіктесі болып табылады.
«Біз Исламабадта қазақстандық сауда үйінің ашылуына үлкен үміт артып отырмыз. Негізгі міндет – елдеріміз арасындағы тауар айналымын арттыру. Қазіргі геосаяси жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бірінші орынға шығады. Қазақстандық компаниялар Пәкістан нарығына 80-ге жуық тауар, атап айтқанда, азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы техникасын...