Францияда Сенат бекіткен зейнетақы реформасына қарсы ауқымды наразылықтар мен ереуілдер жалғасып жатыр. Францияның Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наразылық акциясына 1 миллионнан 3 миллионға дейін адам қатысқан. Сондай-ақ бұл ереуіл елдің бірнеше қаласын қамтыған.
Зейнетақы реформасы – Франция президенті Эммануэль Макронның негізгі идеяларының бірі. Ол 2030 жылға қарай ерлер мен әйелдердің ресми зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке дейін кезең-кезеңімен арттыруды талап етеді. Реформа жобасын 10 қаңтарда Франция премьер-министрі Элизабет Борн таныстырды. Келесі күні Франциядағы кәсіподақтар жалпы ереуілге шақырды. Жаппай наразылықтар 19 қаңтарда басталып, содан бері жалғасып келеді.
Ал 16 наурызда Франция премьер-министрі Элизабет Борн ел Конституциясының 49.3 бабына сәйкес зейнетақы реформасы...