2023 жылғы 1 ақпанда жеке тұлғалардың депозиттері жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,8%-ға азайып, 16,9 трлн теңгені құрады. Бұған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялаған Қазақстандағы банк секторының жағдайы туралы есебі дәлел.
Теңгедегі депозиттерді қорғау бағдарламасы талаптарының бірі – былтыр есепшотта тұрған ақшаны депозитте 24 ақпанға дейін шешіп алмау болғанына қарамастан, салымдар азайған. Мемлекет бұл шартты орындағандарға 10 пайыз үстемақы төледі. Осы екі жағдайды ескере отырып, Қордың хабарлауынша, Ұлттық банк Қаржы министрлігімен бірлесіп жоспарланған 550 млрд теңгенің 306,6 млрд теңгесі ғана төленген.
Екінші деңгейлі банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 1 ақпандағы жағдай бойынша жыл басынан бері 1,4%-ға азайып...