Нұрқожа Ерсайын – кәсіпкер, тарихшы, археолог және медиа маман. Нұрқожа қазіргі кезде жастарға жаңартылған форматта қазақ тарихын насихаттау мақсатында derekkoz.kz қолға алған. Оның айтуынша бұл коммерциялық жоба емес. Сұхбатымыз осы жоба туралы болды.
– Нұрқожа, өзіңіз жайлы қысқаша айтып кетсеңіз?
– Мен Ұлытау облысындағы Жаңаарқа деген жердің тумасымен. Ауылдың тыныс-тіршілігін бойыма сіңіріп, ата-әженің қолында өскен қазақтың баласымын. Негізгі мамандығым – реставратор. Қарапайым тілмен айтқанда, тарихи құндылықтарды қалпына келтіруші. Өзім түрлі археологиялық қазба жұмыстарына қатыстым. Көптеген ғылыми жобалардың экспедиция мүшесі болдым. Өзімнің де көптеген проектілерім бар. Тіпті Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жиында өзімнің ғылыми жұмыстарымды таныстырып, ұсынған болатынмын. Ал, алғашқы ғылыми...