«Астана» халықаралық қаржы орталығында ITS жаңа халықаралық сауда хабы жұмысын бастайды. Ол реттеуші рұқсаттарды алған соң, инвесторларға әлемдік ең ірі компаниялардың мыңдаған шетелдік акцияларын сатып алуға мүмкіндік береді. Жаңа платформаның басты артықшылықтарының бірі – әлемдік нарықтағы ең жақсы бағамен мәмәле жасай отырып, тәулігіне 16 сағат бойы Азия, Еуропа мен АҚШ-та бағалы қағаздармен сауда жасау мүмкіндігі болмақ.
ITS классикалық мағынадағы жаңа биржа емес. Бірақ Қазақстандағы KASE және AIX алаңдарымен бірге жұмыс істейтін қосымша сауда алаңына айналады. ITS – көпжақты сауда объектісі (MTF), оның классикалық қор биржаларынан айырмашылығы – бағалы қағаздардың бастапқы листингі, яғни IPO болмайды. Әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған құралдарды сатуға...