Қазақстанда көмірді көтерме бағамен сататындарға қатысты тергеу басталды. Бұл турасында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі комитеті хабарлайды.
Тергеу көмірді көтерме бағамен сатушылардың (Алматыда, Қарағанды жәнеЖамбыл облыстарында) экономикалық қызметін үйлестіру белгілері бойынша басталған, осындай үйлестірудің нәтижесінде, сатушылар «Астана» тауар биржасындағы көмір көлемін өзара бөліп алу туралы сөз байласқан.
Сонымен қатар, «Еуразиялық сауда брокері» ЖШС брокерлік компаниясына қатысты тергеу басталған. Компания «Богатырь Комир» ЖШС-ның коммуналдық-тұрмыстық көмірін көтерме бағамен сататын алты сатушының экономикалық қызметіндегі көлемді бөлу бөлігінде сөз байласуды үйлестірді деген күдікке ілінген.
Бұдан бұрын, ҰЭМ-де көмір бағасының жоғары болуына сөз байласудың себеп болғаны туралы айтып...