2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 456,2 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 есе көп.
Көрсетілген қызмет көлемі бойынша ойын және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі жылжымайтын мүлікпен операциялар; сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау қызметі, компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспеқызметтерден кейінгі орында тұр.
Кәсіпорындар көлемі бойынша 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында сектордағы қызметтердің ең үлкен көлемі орта компанияларға тиесілі: 276,4 млрд теңге. Шағын және ірі кәсіпорындар: тиісінше 163,1 млрд және 16,7 млрд теңге. Ал жеке кәсіпкерлердің үлесіне небәрі 9,9 млн теңге.
Бұл ретте, бір жыл бұрын қызмет көрсетудің е...