Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов ОКҚ-дағы брифинг барысында шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған салық рақымшылығының қорытындыларын жариялады.
«Өздеріне қатысты салық рақымшылығы қолданылған слаық төлеушілердің жалпы саны 44397 құрады. Төленген берешектің сомасы 18,4 млрд теңгені, ал күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың сомасы 6,5 млрд теңгені құрады», – деп хабарлады Шолпанқұлов.
Алматыда салық рақымшылығын ШОБ-тың 6513, Түркістан облысында – 5169, в Алматы облысында – 5054, Нұр-Сұлтан қаласында – 3729 субъектісі пайдаланған.
Күші жойылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың ең үлкен сомасы Алматы кәсіпкерлерінің үлесінде – 1,1 млрд теңге, одан кейін Актөбе облысы – 1 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 0,8 млрд тенге...