Қостанайлықтар діни қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін 2 млн теңгеге жуық айыппұл төледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылы облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни қатынастар саласында 13 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Сот тоғыз адамды жалпы сомасы 1,9 млн.теңгеден (700 АЕК) астам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталған фактілердің 10 – ы интернет желісінде жасалған.
Мәселен, биылғы жылдың қыркүйек айында жедел уәкілдер Рудный қаласының 59 жастағы тұрғынының үйінде экстремистік әдебиетті сақтау фактісін анықтады. Ақтөбе сотының 2012 жылғы шешімімен бұл әдебиетті елімізге әкелуге және таратуға тыйым салынған.
Әдебиеттерді сақтаумен қатар рудныйлық азамат «WhatsАpp»мессенджерінде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан. Діни...