Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева алаяққа алданып қалды. Алаяқ әншінің 70 млн теңгесін бермей кеткен. Алаяқтыққа қатысты істі Алматы қаласының Алмалы ауданының соты қарап жатыр.
Алдын ала мәліметтерге сенсек, Беккайров С. есімді азамат әншімен жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жасаған. Ер адам алаяқтық жолмен әншіні пәтерін сатуға үгіттеп көндірген. Пәтер сатылған соң, ақшасын кейін беретінін айтып, сол күйі бермей қойған.
Іс материалдарында бұл азаматтың 2013 жылы Тұрлыхановтың танысынан инвестиция үшін 1,2 миллион доллар қарыз алып қайтармағаны туралы айтылған. Ал екінші эпизод әншімен байланысты болып отыр. Оқиға 4 жылдан кейін 2017 жылы болған. Беккайров С. Роза Рымбаеваның пәтерін сатып...