Сауд Арабиясы Корольдігі осы жылдың 29 сәуірі мен 10 маусымы аралығында заңсыз және визасыз қажылық жасауға қатаң тыйым салынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ оларға көмектескен адамдарға да ескерту жасады. Заңсыз түрде қажылық жасауға әрекет еткендер елден шығарылып, Сауд Арабиясына кіруіне 10 жылға тыйым салынады.
Бұл шешім қажылық маусымындағы өлім жағдайына апаратын кептелістердің алдын алу үшін қабылданып отыр. Корольдік заңсыз қажылық әрекетіне қарсы айыппұлдар мен жаза шараларын күшейтіп, күн сайын қатаң бақылау жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Негізгі талаптар мен тыйымдар:
Алдымен қажылықты заңсыз орындап жатқан немесе орындауға әрекет еткен азаматтар көрсетілген уақыт аралығында қасиетті орындарда қалуға немесе зиярат жасауға әрекет еткен барлық түрдегі ВИЗА...