Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2024 жылғы жаһандық экономика динамикасына қатысты болжамын 2,7%-ға дейін нашарлатты.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қарашадағы болжамына сәйкес, биылғы жылдың соңында әлемдік экономиканың өсімі 2,9%-ды құраса, келесі жылы бұл көрсеткіш 2,7%-ға дейін баяулайды, ал 2025 жылы 3%-ға көтерілуі мүмін.
«Әлемдік экономика төмен өсу және инфляцияның жоғарылауы сияқты қиындықтарға тап болуда. Соған байланысты келесі жылы өсім аздап баяулайды», – дейді ЭЫДҰ Бас хатшысы Маттиас Корманн.
Корманның айтуынша бұл негізінен соңғы екі жылдағы ақша-несие саясатының қатаңдауымен тікелей байланысты. Ұйымның мәліметінше, 2024 жылы ақша-несие саясатының қатаңдауы мен бизнес пен...