Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сочидегі келіссөз барысында Қара теңіздегі астық мәмілесін қалпына келтіру туралы келісімге келе алмады.
Путин Ресей қойып отырған талаптар орындалмаса, мәміленің жанданбайтынын айтқан.
«Ресей ауыл шаруашылығы экспортына қатысты барлық келісімдер орындалса, біз астық келісімін қайта жаңғырту мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз», деп мәлімдеді Ресей президенті.
Сонымен бірге Путин Киевті гуманитарлық дәліздерді лаңкестік әрекеттер үшін пайдаланды деп айпыптады. Дәліздегі қауіпсіздікті Ресейдің қамтамасыз етіп келгенін айтқан ол, Батысты да астық келісімінің гуманитарлық сипаты туралы алдады деп айыптады.
Путин сондай-ақ Ресей азық-түлік пен тыңайтқыштарды өз күшімен экспорттайтынын айтты. Ол...