«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстан» шахтасында апат болды. Мұнда конвейер таспасынан өрт шыққан. Жүзден аса адам қауіпті аймақта қалып отыр. Бұл туралы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазір, шахтада апатты жою жоспары іске асырылып жатыр. Апат болған жерге, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті.
Ақпаратқа сәйкес, апат салдарын жою үшін «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» (КӘАҚҚ) құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.
«17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенуі орын алды, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету...