Еліміздегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі Бірыңғай дистрибьютор үстеме бағалау жобасын талқылау бойынша Жария тыңдау өткізді. Бұл туралы СҚ-фармация компаниясы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, қарастырылып отырған үстеме баға жобасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша нақты шығындарға негізделеді.
«Ең үлкен шығындар логистикалық қызметтерге келеді – бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау және тиеу-түсіру жұмыстары, олар Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмектерді сатумен байланысты шығындарының 45%-ын алады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бірыңғай дистрибьютор өз қаражаты есебінен дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың азайтылмайтын қорын қалыптастыру жоспарлап отыр.
«Үстеме бағаны арттырудың тағы бір факторы – экономикалық тиімділіктің көрсеткіші ретінде қызмет ететін бірыңғай тарату жүйесінің рентабельділіг...