Фото: kursiv.media
Елімізде қылмыс 17% – ға азайған. Бұл жайлы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында Бас Прокурор Берік Асылов айтты.
Отырыс барысында қадағалау органының басшысы прокурорлардың негізгі күш-жігері азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмысқа, әсіресе оның ұйымдасқан нысандарына қарсы күрес, қылмыстық процесті жаңғырту, азаптаудың алдын алу, бизнесті қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті.
«Өткен кезеңде ел бойынша қылмыс деңгейі 17%-ға яғни 74650-ден 61442-ге дейін төмендеді. Прокуратураның үйлестіруімен аймақтардағы қылмыстық жағдайға нақты әсер еткен 10 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Сонымен қатар, бірлескен шаралар нәтижесінде синтетикалық есірткі өндіретін 30 зертхана жойылды» деді Бас прокурор.
Берік Асылов отбасылық-тұрмысты...