Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі Ермек Көшербаев жөндеу жұмысымен танысу үшін Риддер қаласының жылу электр орталығына барды. Тексеру барысында жылу орталығының 3 миллиард теңгеден астам қарызы бар екені анықталды.
«Меншік иелері бұл нысанды пайдаланғанда тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізбеген, қазіргі кезде қарыз 3,3 млрд теңгені құрайды», – деді ЖЭО бас директоры Игорь Михайленко.
Оның айтуынша, 2018 жылы мұнда бес қазандық жұмыс істесе, тағы біреуі резервте тұрған. Сонымен қатар төрт турбина да жұмыс істеп, 52 МВт өндірілген.
Өз кезегінде Көшербаев жөндеу жұмыстары жылу беру маусымына дейін аяқталуы тиіс деді. Бұған дейін облыстың экс-әкімі Даниал Ахметов жылу орталығындағы жөндеу...