«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» Түркістан облысында орналасқан Жалпақ кен орнының «Шығыс» учаскесінде уран барлау құқығын алды.
«Шығыс» учаскесінде Р1 және Р2 санаттарындағы уран ресурсы бары анықталған. Алдын ала бағалау бойынша, болжамды уран ресурсы 30 мың тоннаға дейін жетеді. Уран ресурстарын С2 және С1 санаттағы қорларға көшіру үшін барлау жұмыстарын одан әрі жалғастырудың орындылығы расталған. Соның нәтижесіне қарай учаскеде нақтыланған уран қорлары анықталатын болады.
«Қазатомөнеркәсіп» алдағы 6 жыл барлау жұмыстарын жүргізіп, анықталған уран қорын мемлекет балансына өткізуді жоспарлап отыр.
«Біз уран кен орындарын іздеу және барлау саласындағы күш-жігеріміз Қазақстанның уран саласындағы жетекші әлемдік көшбасшы ретіндегі позициясын...