Маңғыстау облысындағы 5 мұнай-газ кәсіпорынында миллиардтаған қаржы жымқырылған. 4 лауазымды тұлға ұсталды. Бұл туралы аймақ прокуратурасы хабарлады.
Мәселен, «ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-нің («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеге техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобус қабылдағаны анықталды. Бұл ретте автобустардың құны 400 млн теңгеге асырылып көрсетілген. Жұмыс істемеген арнайы техника қызметі үшін 110 млн теңге аударылған.
Ал «West Oil Software» ЖШС басшылығы («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-ның мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеген. Жақын туыстарына негізсіз жалақы аударып отырған.
Былтыр желтоқсанда West Oil Software ЖШС-нің жұмысшылары ереуілге шығып, басшыларға талап қойған болатын Олар – West Oil компаниясын «ҚазМұнайГаздың» балансына...