Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қылмыстық топ серкесі Қамшыбек Асанбектің (Көлбаев) сыбайластары деструктивті саяси мақсаттағы арандатушылық бейнеролик дайындағаны туралы мәлімдеді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеоролик билікті күшпен басып алуға шақырады.
«Бұл бейнеролик елдегі жағдайды өңіраралық негізде тұрақсыздандыру, артынан билікті күшпен басып алу әрекеті үшін жасалған»,– делінген комитет хабарламасында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл бейнежазбаны ұйымдастыруға және дайындауға қатысы бар барлық тұлға анықталған. Қазіргі уақытта олардың заңсыз әрекеті бойынше тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр.
Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздықты қоздыруға (өшпенділікке) бағытталған әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлайды. Сонымен бірге...