Әлемде бидай бағасы қымбаттап жатыр. Бағаның өсуіне Ресейде мамыр айында жүріп өткен аяз себеп болған. Bloomberg мәліметінше, Чикаго тауар биржасында астық фьючерстері 2023 жылдың тамызынан бергі ең жоғары деңгейге жеткен.
Срапшылар алдағы маусымда бидай өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 6 %-ға төмендеуі мүмкін деп болжайды. Оған құрғақшылық пен ауа райының қалыпты салқындығы әсер етеді.
Ресей бүгінде әлемдегі ең ірі бидай өндіруші ел саналады. Сол себепті оның ішкі нарығындағы өзгерістер, әлемдік бағаларға өз әсерін тигізбек. Ресей астық одағы жүргізген талдауларға сүйенсек, сәуір айында баға 5,5 %-ға өсіп, бидай тоннасына 11,5 мың рубльді құраған. Оның үстіне трейдерлер алдағы маусымда бидай бітік...