6 сәуірде альпинист және скайранер Анар Бурашева Kazakh Everest team спорттық-патриоттық экспедициясы құрамында Эвересті бағындыруға жол тартты. Әлемнің ең биік шыңына шығуға Қазақстаннан жеті альпинист аттанса, олардың арасында жалғыз қыз Анар Бурашева бар. Экпедицияны белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев бастады.
Экспедиция бірінші кезекте Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың, сондай-ақ, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев пен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналады. Екіншіден, экспедицияның әлемнің ең биік шыңына Қазақстан туын көтеру.
Алайда бұл экспедиция алдыңғы экспедициядан өзгеше. Себебі әлемдегі ең биік шыңға тұңғыш рет қазақ қызы жол тартты. Спортшы-скайраннер Анар Бурашева өз сапарын барша қазақ әйелдеріне және елдегі гендерлік теңдік...