Ұлттық банк 5 мың теңгелік жаңа банкноталардан жалған ақшаны қалай ажырату керек екенін түсіндірді. Сонымен қатар 2023 жылы шыққан жаңа дизайндағы банкноталардың қорғаныш элементтерін ұсынды.
Жаңа дизайндағы банкнота қандай?
Ұлттық банк номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды 2023 жылы 25 желтоқсанда айналымға шығарды.
Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Ақша белгісінің қандай қорғаныш элеметтері бар?
Банкнотада рельефті қалыптастыратын – алтын интаглио арнайы баспа тәсілі қолданылған. Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын металл бояудың жоғары бедерл...