2024 жылы бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталғаннан кейін жаппай тексеру болмайды. Бұл туралы 24.kz басылымына берген сұқбатында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.
«Мораторий аяқталғаннан кейін елде жаппай тексеру болмауы керек. Адал кәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ», — деді премьер.
Смайыловтың айтуынша, қолайлы бизнес-ортаны құру мақсатында тексеру жүргізген.
«Біз бизнес қауымдастықпен бірлесіп, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін шектен тыс талаптарды анықтау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Нәтижесінде 10 мыңнан астам негізсіз талапты анықтадық. Бүгінде оның 9 мыңының күші жойылды. Қалғаны келер жылдың басында Парламентте тиісті заң қабылданғаннан кейін алынып тасталады», — деді Смайылов.
Премьер адами факторды жоя отырып, мораторий аяқталғаннан...