«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 2022 жылға 238 млрд теңгеден астам дивиденд төлейді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтына жарияланған хабарламада жазылды.
2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есепте таза кірісті бөлу тәртібі нақтыланып, бір жай акцияға есептегендегі дивиденд құны көрсетілген.
Қордың жалғыз акционері – ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша акционерлік қоғам 2022 жылға 238 млрд теңгеден астам дивиденд төлейді. Қордың бір жай акциясына есептегендегі 2022 жылғы дивиденд мөлшері 68,36 теңгені құрайды.
Үкімет қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры таза кірісінің кем дегенде 7% мөлшерін жарғысында көрсетілген тәртіппен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударады. Қорға бөлінетін қаражат 66 млрд теңгеден астам сомаға...