Қазақстандағы киік санының көбеюіне байланысты, 2023 жылдың 11 желтоқсанында Халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО) киіктің Халықаралық Қызыл тізімдегі санатын өзгерту туралы шешімге келді. Оған сәйкес ақбөкендер «Жойылу алдында тұрған» санатынан «Қауіп төнуге жақын» санатына ауысады.
Яғни киік «Жойылу қаупі жоғары» санатынан «Жойылу қаупі аз» санатына көшіріледі.
«Жануарлар түрлерін қорғау және санақ жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені республикадағы киік популяциясын сақтау мен қалпына келтіруде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2003 жылы еліміздегі киік саны – 21 мың болса, 2023 жылы Қазақстандағы киік саны – 1 млн 915 мың дараққа жеткен Бұл ҚазКСР кезеңінен берге...