Мәжіліс отырысында депутат Снежана Имашева есірткінің заңсыз айналымына полиция қызметкерлерінің қатысы бар екенін айтты.
Қоғамда есірткі мафиясын жою мүмкін емес деген пікір қалыптасқанын айтқан депутат бұл қылмыспен күресу өте қиын екенін айтты. Халықаралық және трансұлттық бұл қылмысқа кей тұстарда полицияның қатысы барын айтты.
«Полиция қызметкерлерінің өздері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екендігі бәрімізді ашуландырады. Нашақорлықпен күресушілердің өздері оған көмектесетіні ешкімге құпия емес. Осы жылы есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін құқық қорғау органдарының 11 қызметкері мен әскери қызметшілері ұсталды. Бұл көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменті есірткіге қарсы басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ұйымдасқан...