Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әлемдегі ірі технологиялық компанияның өкілімен кездесу барысында «бұлтты» технологияларды дамытуға және дата-орталықтар құрылысына қатысты өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланған.
Президент Қазақстанның электронды үкімет саласындағы жетістіктеріне назар аударып, цифрлық саланы одан әрі жетілдіру үшін елімізге өз санатындағы ең мықты инфрақұрылымдық шешімдер қажет екенін атап өткен.
Сьюзан Пойнтер өз кезегінде компанияның Қазақстанмен арадағы ықпалдастығын нығайтуға мүдделі екенін және келешекте бүкіл Орталық Азия аймағын қамтуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді.
Кездесу аясында Қазақстанның Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі («ҰАТ» АҚ) мен Amazon Web Services арасында Outpost «бұлтты» технология шешімін...