«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін пилоттық режимде енгізудің арқасында осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 51 мың адамға мемлекеттік көрсетілген қызметтер белсенді көрсетілуі үшін SMS жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 11,7 мың адам пайдаланды. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар...