Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада- теңгемен орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу тәртібі әзірленді. Ол 2022 жылғы 12 қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып берді.
Өтемақы 10%-дық мөлшерде сыйлықақы алуға келісімін растаған және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін банктерге -депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушыларына өтінім жолдаған салымшыларға ғана төленеді.
Қандай салымдар бойынша мемлекеттен сыйлықақы алуға болады?
Өтемақыны тек 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша ғана алуға болады.
Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:
– жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;
– мерзімді салым (білім беру жинақтау салымдарын және тұрғын...