Алматыда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі.
Жалпы, осы жылдың 6 айында өзара сауда көлемі шамамен 30%-ға өсіп,$190 млн құрады, бұл ретте сауда көлемін одан әрі арттыру үшін Үкіметаралық комиссия жұмыс істейді.
Премьер-Министр екіжақты қарым-қатынаста транзиттік-көлік секторындағы ынтымақтастыққа басымдық берілетінін атап өтті.
Мәселен, бүгінде екі ел арасында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы әріптестік қарқынды нығайып келеді.
Өткен жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес Орта дәліз бойынша жүктерді тасымалдау көлемі 77%-ға өсіп, 1,3 млн тоннаны...